Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімдігінің 01.10.2015 № 29/02 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Ірі қара малдың арасынан листериоз және пастереллез ауруларының шығуына байланысты, Қаракеңгір ауылдық округінің Бозтұмсық ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.
Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3.
Осы қаулының орындалуын қадағалау Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Максут Сарсенбаевич Оспановқа жүктелсін.
4.
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау ауданының әкімі |
Х. Омаров |