Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 26/223 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 36/309 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3631 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 6/63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 24.11.2023 № 6/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы ХХVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 26/223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 01 (10517) "Шет Шұғыласы" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында жарияланған), келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін: 

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеледі.";

      келесі мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі

      қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.";

      келесі мазмұндағы 26-2 тармақпен толықтырылсын

      "26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген).";

      келесі мазмұндағы 26-3 тармақпен толықтырылсын:

      "26-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";

      келесі мазмұндағы 27-4 тармақпен толықтырылсын:

      "26-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";

      30 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "30. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
Ә. Смағұлұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады