"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыруға су беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын ішінара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналған субсидия көлемі айқындалсын.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы "30" қаңтардағы № 36 шешіміне қосымша |
2015 жылға аудандар және Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыруға су беру жөнінде алынған қызметтер үшін су пайдаланушылардың шығындарын ішінара өтеуге (көрсетілген қызметтердің құнын арзандатуға) арналған субсидия көлемі
Аудандар (қала) | Барлық егіс көлемі, гектар | Барлық субсидия көлемі, мың теңге |
Жаңақорған | 29070 | 58250,0 |
Шиелі | 24095 | 52050,0 |
Сырдария | 29792 | 81380,0 |
Жалағаш | 30000 | 80580,0 |
Қармақшы | 19632 | 56310,0 |
Қазалы | 17600 | 40930,0 |
Арал | 749 | 1104,0 |
Қызылорда қаласы | 7055 | 15800,0 |
Барлығы | 157993 | 386404,0 |