"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.
"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "31" наурыздағы №895 қаулысымен бекітілген |
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленді және ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін айқындайды.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
3) ақы алу пункті – ақылы автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;
4) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп, ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шыққан автокөлік құралдарын сәйкестендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) бойында орналасқан техникалық құралдар;
5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа), заңды тұлға;
6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралы ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) бойынша жүріп өту үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;
7) POS-терминал – жүріп өту үшін ақы төлеу ретінде автоматты режимде қолма-қол ақша қабылдауды немесе төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібі
3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыру ақылы автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне) өту мен шығу жолдарында орналасқан ақы алу пункттерінде жүзеге асырылады.4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушының концессионермен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу сәті болып табылады. Концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
5. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардан жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесіне сәйкес алынады.
6. Ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
7. Ақылы жүруді ұйымдастырушыға ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар үшін жүріп өту үшін ақы төлеудің мынадай тәсілдерін қамтамасыз етеді:
1) ақы төлеу жүргізгенін растайтын құжат пен артық ақшаны қайтарып беру арқылы POS-терминалға және қолма-қол ақшамен;
2) POS-терминал арқылы төлем карточкасынан қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы;
3) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен алдын ала ақы төлеу.
8. Ақылы жүруді ұйымдастырушыға ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шығу алдында ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шығу туралы хабарламасы бар ақпараттық табло орнатады. Ақпараттық таблода, сондай-ақ, мынадай ақпарат орналастырылады:
1) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемелері;
2) учаскенің ұзындығы;
3) жүріп өту үшін ақы төлеудің ықтимал тәсілдері;
4) ақылы жолдарды (жол учаскелерді) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолдарын пайдаланушылардың тізбесі;
5) басқа да пайдалы ақпарат.
9. Ақылы жүруді ұйымдастырушының ақы алу пункттерінде өз өкілдері бар, олар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған сұрақтар бойынша түсініктемелер береді.
10. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы жүруді ұйымдастырушы ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай қамтамасыз етеді.
11. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін, ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар жүрместен бұрын алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқауға сәйкес пайдаланады.
12. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, ақы төлеу үшін шотты ақылы жүруді ұйымдастырушы автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген мекен-жайы бойынша жібереді.
13. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде ақылы жүруді ұйымдастырушы, бірдейлендіруші техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді жинауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралдарының бейнесуреті болып табылады.
14. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер тиісті пайдаланушылардың ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) нақты пайдаланғанын растау болып табылады және құпия ақпарат болып табылады.
Ақылы жүруді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған үшінші тұлғалардың қолжетімділігін шектейді. Деректер ақылы жүруді ұйымдастырушының серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.
15. Егер автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) арқылы шығуы кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.
16. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолынан (жол учаскесінен) шығып кеткен жағдайда жүріп өту үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.
17. Автокөлік құралы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда ақы көлік құралдарының екі бірлігінен де алынады.
18. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін), оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патруль қызметінің;
әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары;
2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды, аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауыл шаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.