"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары индекстерінің атаулары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму министрлігі | |
Автомобиль жолдары комитетінің | |
төрағасы | |
_____________ М. Пішембаев | |
"23" сәуір 2015 жыл |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "17" сәуір №924 қаулысына қосымша |