2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымда № 30 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда № 5025 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10190 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _________________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы "9" маусым

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "9" маусымдағы
№ 30 қаулысына қосымша

2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісі


р/с

Дақыл

Аймақтар

1

2

3

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 1 гектарға тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары, килограмм

1

Арпа

10,529

-

10,529

2

Жүгері (будан)

-

39,000

39,000

3

Күріш

5,223

5,366

5,698

4

Мақсары

0,409

0,409

0,371

5

Бұршақты көп жылдық шөптер

13,000

13,000

13,000

      Ескерту:
      1– оңтүстік аймақ (Жаңақорған, Шиелі аудандары);
      2 – орталық аймақ (Жалағаш, Қармақшы, Сырдария аудандары және Қызылорда қаласы);
      3 – солтүстік аймақ (Арал, Қазалы аудандары).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады