Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.06.2018 № 16426/11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 20 (жиырма) пайыз жоғарылатылсын.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.