Қызылорда қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы N 3422 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 маусымда N 5029 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы N 4461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 15.10.2015 N 4461 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 14-бабының 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларына сәйкес Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбi бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ж. Базартайға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 1- қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Қызылөзек ауылдық округі-Айнакөл ауылы-Қараөзек станциясы-Арғын елді мекені
11 километр
25 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қызылөзек ауылдық округінің әкімі
      ___________________А. Шоқбаров
      "15" мамыр 2015 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 2- қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Қосшыңырау ауылдық округі Досан елді мекені- Абай ауылы-Сиыр фермасы
10 километр 130 метр
30 минут

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қосшыңырау ауылдық
      округінің әкімі
      _______________Б. Арысбаев
      "15" мамыр 2015 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 3- қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Сабалақ-Эдельвейс-ПМК №66 саяжайлары
55 километр
50 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Тасбөгет кентінің әкімі
      ____________Ж. Әлиев
      "15" мамыр 2015 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 4- қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Сабалақ - ПМК №66-Жаңадария саяжайлары
39 километр
1 сағат 30 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Тасбөгет кентінің әкімі
      ____________Ж. Әлиев
      "15" мамыр 2015 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 5- қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Ақжарма ауылдық округі-Қалғандария елді мекені
54 километр
50 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақжарма ауылдық округінің әкімі
      _________________А. Әділбеков
      "15" мамыр 2015 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 6-қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Сығанақ-Эдельвейс саяжайы
23 километр
45 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қалалық білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________М. Аралбаев
      "15" мамыр 2015 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 7- қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Ақсуат ауылдық округі- Махамбет ауылы- Қызылжарма ауылдық округі- Қосшыңырау ауылдық округі- Абай ауылы-Белкөл кенті-Көкжиде ауылы-Тасбөгет кенті- Сабалақ саяжайы
60 километр
40 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақсуат ауылдық округінің әкімі
      _______________ А. Нұрсейтов
      "15" мамыр 2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қызылжарма ауылдық округінің әкімі
      _______________ Ж. Ержанов
      "15" мамыр 2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі
      _______________ Б. Арысбаев
      "15" мамыр 2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Белкөл кентінің әкімі
      _______________ А. Арыстанов
      "15" мамыр 2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Тасбөгет кентінің әкімі
      _______________ Ж. Әлиев
      "15" мамыр 2015 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 8- қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

      


Маршрут атауы
Ара қашықтығы
Жол жүру уақыты
Ақжарма ауылдық округі-Талдыарал ауылы
3 километр
20 минут

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақжарма ауылдық округінің әкімі
      ___________________А. Әділбеков
      "15" мамыр 2015 жыл

      Қызылорда қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "15" мамырдағы
№ 3422 қаулысына № 9-қосымша

Қызылорда қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызылорда қаласының шалғай елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес әзірленген. 

2. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру

      2. Балаларды тасымалдау Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
      3. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көлiк түрiмен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      4. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
      5. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
      6. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар, жаңбыр жауғанда) тыйым салынады. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиіс.
      7. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
      8. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс. Алаңдарда жайластырылған өту жолдарының болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
      9. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
      10. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      11. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      12. Балаларды жаппай тасымалдауға және балаларды алыс жерлерге тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, сондай-ақ отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
      13. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жас және одан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
      14. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
      15. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

      16. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен автокөлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустармен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустар тиiстi стандарттардың талаптарына сай болуы қажет.
      17. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы тиіс:
      ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
      жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
      берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
      жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстар;
      тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi;
      салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз бүтін материалдан жасалуы тиiс;
      шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 айыздан артық жабуға тыйым салынады;
      жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер үйіліп тасталмаған жолаушылар салоны.
      18. Автобустармен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
      Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізіледі.
      19. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен:
      1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
      4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;
      8) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады