Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 08.11.2017 № 103 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 мамырдағы № 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4459 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 51 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады".
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының | Арал аудандық мәслихатының |
кезектен тыс отыз жетінші | хатшысы |
сессиясының төрағасы | |
Ж. Жалғасбеков | К. Данабай |