Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 12.11.2018 № 237 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 03 қарашадағы № 53 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4351 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 108 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады".
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихат |
кезектен тыс ХХХХІІІ сессиясының | хатшысының міндетін |
төрағасы | атқарушы |
Н. Альмагамбетов | Ө. Түктібай |