"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 наурыздағы № 242 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 4922 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 188 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4736 нөмірімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 50 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы."
      көрсетілген шешіммен бекітілген қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары."
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
      6-тармақ 11-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "11-1) Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалар"
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.";
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – бір жолғы көмек 150000 теңге;
      келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек ай сайын шекті шама 7,6 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.".
      Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы
      36-сессиясының төрағасы
      Н. Пірмантаев М. Наятұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ Ж.Жылқышиева
      "03" наурыз 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады