Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 11.05.2017 № 05-16/126 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері отыз пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.