"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "24" тамыздағы № 269 қаулысымен бекітілген |
"Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.
3. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді Иманов көшесі № 82.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Егер "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
15. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдары:
1) Әкімшілік бөлімі;
2) Ұйымдастыру және инфрақұрылымды дамыту бөлімі;
3) Үйден әлеуметтік қызмет көрсету секторы.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.17. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері: әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
18. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) азаматтар мен заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындалуына жәрдемдеседі;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
5) жергілікті бюджетті бекіту (нақытылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
7) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
8) кенттің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ, кентте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
9) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
10) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
11) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
12) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
13) қылмыстық-атқару инпекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
14) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
15) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
16) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
17) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
18) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
19) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беруді қамтамасыз етеді;
20) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
21) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
22) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
23) кіріс көздерін қалыптастырады;
24) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
25) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
26) облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
27) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
28) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
29) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
30) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
31) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
32) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінінің 144 (екінші бөлігінде), 146, 147, 204, 386, 408 және 505-баптарында көзделген, кенттің аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;
33) Кент әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
19. Құқықтары мен міндеттері:
Осы Ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) соттарда, тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі мәселелер бойынша ұйымдарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда әкімнің, "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіруге;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұратып алуға;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (әкім) жүзеге асырады.21. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сырдария ауданы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
22. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкімнің орынбасары болады.
23. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларын қызметке қабылдайды, тағайындайды және босатады;
4) "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;
5) "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
6) өз құзыреті шегінде "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;
7) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) кент тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;
10) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемені білдіреді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.29. "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволарының тізбесі:
1) № 6 "Ботакөз" санаториялық бөбекжай коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) № 1 "Қызғалдақ" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
3) № 2 "Балдаурен" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
4) № 13 "Нұр бөбек – Тереңөзек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
5) "Айгөлек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
6) "Тереңөзек кенті мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
7) "Тереңөзек кенті клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.