"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Шиелі аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4628 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен-өңір" газетінің 2014 жылғы 5 сәуірдегі № 24 санында жарияланған) мынадай өзеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі аудандық мәслихатының Регламентінде:
7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді."
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
П. Архабаев | Ә. Оразбекұлы |