Маңғыстау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 100 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 2715 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Ө.С.Бисақаев
      14 сәуір 2015 жыл


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 сәуірдің № 100
қаулысымен бекітілген
 
 

Маңғыстау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары 1. Жалпы ережелер

      1. Маңғыстау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Сыныптау тәртiбi және шарттары

      2. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес сыныптасады.
      3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзу туралы материалдарды келiсуге жiбереді.
      Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
      Автомобиль жолын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.

3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi

      4. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атауы мен индексi болуы тиiс.
      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына бастапқы және соңғы елдi мекеннің, қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кiредi.
      Автомобиль жолдарының индексiндегi цифрлар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
      5. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпбиінің әрiптерiнен және цифрлар тобынан тұрады.
      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi «К» – мен белгiленедi.
      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгіленеді: бұл жағдайда Маңғыстау облысы бойынша индекс «R» әрпімен белгіленеді.
      «KR» әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
 

Маңғыстау облысы аудандарының (қаласының) атаулары

Индекстегі әріптің атауы

1

Маңғыстау ауданы

MG

2

Қарақия ауданы

KG

3

Бейнеу ауданы

BG

4

Түпқараған ауданы

TG

5

Мұнайлы ауданы

MU

6

Жаңаөзен қаласы

GU


      Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады