РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы әкімінің бірлескен шешіміне, кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Сессия төрағасы Х. Нұрғалиева
Облыстық мәслихат
хатшысы Б. Жүсіпов
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 148 қаулысына және
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 25/390 шешіміне
қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы әкімінің бірлескен шешіміне, кейбір Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулылары мен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі
1. Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облысы әкімінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 16/152 «Маңғыстау ауданының Шебiр селолық округiн құру туралы» бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 651 болып тіркелген):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық», «селосының» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 13/233 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 319 «Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын орналасқан селолық елді мекендердің құрамына енгізу туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1935 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 17 қаңтарда жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының халық аз қоныстанған кейбір елді мекендерін жақын маңдағы ауылдық елді мекендердің құрамына енгізу туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұдан әрі есеп деректерінен шығарылып, облыстың халық аз қоныстанған мына ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық елді мекендердің құрамына енгізілсін:
1) Бейнеу ауданы бойынша:
Қызылту – Ақжігіт ауылдық елді мекеніне;
Сарша – Сыңғырлау ауылдық елді мекеніне;
2) Маңғыстау ауданы бойынша:
Сауысқан – Ұштаған ауылдық елді мекеніне;
Өгізөреулі – Жармыш ауылдық елді мекеніне;
3) Түпқараған ауданы бойынша:
Қаңға – Қызылөзен ауылдық елді мекеніне.».
3. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 15/258 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 80 «Сайөтес селолық округінің құрамына Боздақ селосын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1943 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 13 мамырда жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық», «селосын», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылын», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/288 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 188 «Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1953 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық», «селосымен» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешім және қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.».
5. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 16/289 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 239 «Өмірзақ кентін «ауыл (село)» санатына жатқызу туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1954 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған):
көрсетілген шешімнің және қаулының тақырыбында, кіріспесінде және 1-тармағында:
мемлекеттік тілдегі мәтінде «(село)» сөзі алынып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінде «аул (село)» деген сөздер «село» деген сөзбен ауыстырылсын.
6. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 қазандағы № 2/16 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 327-1 «Маңғыстау ауданының Отпан селолық округін құру туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1982 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2007 жылғы 8 қарашада жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 3/29 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 447 «Бейнеу ауданының Қызыләскер селосын Сам селосы деп атау туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1997 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 26 ақпанда жарияланған):
тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша «селосын», «селосы» деген сөздер «ауылын», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/54 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 29«Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2002 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 18 наурызда жарияланған):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақжігіт ауылдық округінің құрамынан жалпы көлемі 13 000 га аумақты Тәжен ауылын шығара отырып, шекарасы өзгертілсін.».
9. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 10/125 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 2207 «Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімі мен қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2036 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2009 жылғы 24 қаңтарда жарияланған):
бүкiл мәтін бойынша «селосының», «селолық» деген сөздер «ауылының», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 308 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/82 «Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы» қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2195 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда «Маңғыстау» газетінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округін құру туралы».