Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданы әкімдігінің Бейнеу ауданының әкімшілік - аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ақжігіт ауылдық округінің құрамынан жалпы көлемі 13 000 га аумақты Тәжен ауылын шығара отырып, шекарасы өзгертілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 бірлескен қаулысымен және шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2.Осы шешім мен қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыс әкімі
К. Уйсинбаев К. Кушербаев
Облыстық мәслихат хатшысы
_________Б. Шелпеков