Маңғыстау ауданының Шебiр ауылдық округiн құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 16/152. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 7 қаңдарда N 651 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша: «селолық», «селосының» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2015 № 148 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 21.05.2015 № 25/390 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бәрлескен қаулысымен және шешімімен.

      Шебiр ауылдық округiн құру туралы Маңғыстау аудандық мәслихаты мен аудан әкiмiнiң ұсынысын қарап және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Z934200_ Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкiмi шешiм еттi:
      1. Тұщықұдық ауылдық округiнен бөлiнiп Маңғыстау ауданының шебiр ауданының шекарасында Шебiр ауылдық округi құрылсын.
      2. Аудан әкiмi (Қ.Сейiлханов) Шебiр ауылдық округiнiң штаттар санын ауданның басқару органдарын ұстауға белгiленген лимиттiң есебiнен қамтамасыз ететiн болсын.


      Сессия төрайымы                         Облыс әкiмi


      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады