РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 01-43/407 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданының «Талапкер», «Бейбіт», Мұнайлы ауданының «Жаса», «Ай-Сәрсен» шаруа қожалықтарында қауын шыбыны карантинді объектісінің анықталуына байланысты көрсетілген шаруа қожалықтарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы
Р.Н. Түменов
23 қазан 2015 жыл
Қарақия ауданының әкімі
Ә.Қ. Дауылбаев
23 қазан 2015 жыл
«Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
23 қазан 2015 жыл
Мұнайлы ауданының әкімі
Н.Т. Тәжібаев
23 қазан 2015 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қазандағы № 325
қаулысымен бекітілген
Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар атауы |
Орындау мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Үнемі |
Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы |
2. |
Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау |
Үнемі |
Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы |
3. |
Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерге қарсы химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою) |
Вегетация кезеңінде |
Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы |
4. |
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету |
Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) |
5. |
Карантинге жатқызылған өнімді (бақша дақылдарын) тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу |
Үнемі |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) |