Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 176 "Техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 416 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 ақпанда № 2964 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 176 «Техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2764 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес  3 қосымшаментолықтырылсын.
      2. «Маңғыстау облысының бiлiм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (З.Ж. Тастемірова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2015-2016 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды көздестірсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Облыс әкiмi                             А. Айдарбаев
 

      "КЕЛІСІЛДІ"
 
      "Маңғыстау облысының
      білім басқармасы"
      мемлекеттік мекеме басшысының
      міндетін атқарушы
      А.Ж.Тұржанова
      31 желтоқсан 2015 жыл
 
      "Маңғыстау облысының
      қаржы басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      М.Б.Әлібекова
      31 желтоқсан 2015 жыл
 
      "Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы
      С.Б.Нарешова
      31 желтоқсан 2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 416 қаулысына
қосымша

Күндізгі, сыртқы оқыту нысаны бойынша техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Мамандықтар топтарының атауы

Оқу жылы ішінде 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыс (мың теңге)

1

2

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандықтар

100 ден – 300 дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады