Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 30/285 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 тамызда № 2798 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 7 қазандағы № 4712-20-00-2/2048 шешімімен

      Ескерту. Мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды - Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 07.10.2020 № 4712-20-00-2/2048 (шешім заңды күшіне 08.12.2020 жылы енді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.03.2017 № 7/83 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


қалалық мәслихат хатшысы

М.Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Ақтау қалалық тұрғын үй

      коммуналдық шаруашылығы

      және тұрғын үй инспекциясы

      бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      А.Е.Таңатов

      2015 жылы 03 шілд



  Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы
03 шілдедегі № 30/285 шешіміне
қосымша

Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу
және жинақталу нормалары

№р/р

Нысан атауы

Есептеу бірлігі

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу орташа жылдық нормасы, м3

1

2

3

4

1.

Жабдықталған тұрғын үйлер

1 тұрғын

1,94

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және т.с.с.

1 орын

1,11

3.

Қонақ және демалыс үйлері

1 орын

2,5

4.

Балабақшалар, яслилер

1 орын

0,4

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банкілері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,8

6.

Емханалар

1 қабылдау

0,00075

7.

Ауруханалар, шипажайлар, басқа да емдеу-профилактикалық мекемелер

1 керует-орын

2,56

8.

Мектептер, орта оқу орындары, жоғары оқу орындары

1 оқушы

0,19

9.

Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері

1 тағам

0,35

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтарының залдары

1 орын

0,3

11.

Мұражайлар, көрмелер

1 м2 жалпы аудан

0,023

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

1 орын жоба бойынша

0,16

13.

Спорт, би және ойын залдары

1 м2 жалпы аудан

0,1

14.

Азық-түлік дүкендері

1 м2 сауда алаңы

1,0

15.

Машинадан сауда жасау*

1 м2 сауда орны

-

16.

Өнеркәсіп тауарлары дүкендері, супермаркеттер

1 м2 сауда алаңы

0,27

17.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, жайма орындар

1 м2 сауда алаңы

0,29

18.

Көтерме базалар, азық-түлік тауарларының қоймалары

1 м2 жалпы аудан

0,14

19.

Көтерме базалар, өнеркәсіп тауарларының қоймалары

1 м2 жалпы аудан

0,3

20.

Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету

1 м2 жалпы аудан

0,079

21.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

1 м2 жалпы ауданы

0,4

22.

Жағажайлар

1 м2 жалпы ауданы

0,47

23.

Дәріханалар

1 м2 сауда алаңы

0,4

24.

Автотұрақтар, автожуғыштар, автокөліктерге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

1,74

25.

Автошеберханалар

1 жұмысшы

1,4

26.

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,3

27.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,3

28.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі

1 жұмыс орны

0,52

29.

Зергерлік, аяқ-киім, сағат жөндейтін шеберханалар

1 м2 жалпы ауданы

0,28

30.

Майда жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және т.б.)

1 м2 жалпы ауданы

0,15

31

Моншалар, сауналар

1 кв.м жалпы алаңы

0,42

32

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушылар

1,57

33

Бау-бақша кооперативтері**

1 учаске

-


      Ескерту:

      * Коммуналдық қалдықтардың құрылу нормасы белгіленбеген, себебі көліктердегі сауда базар аумағында коммуналдық қалдықтардың тасымалдауды арнайы ұйымдар арқылы келісім шарт негізінде жүзеге асырады.

      ** Коммуналдық қалдықтардың құрылу нормасы белгіленбеген, себебі коммуналдық қалдықтарды тасымалдаушы ұйымдардың мәліметі бойынша аталған нысандар Мұнайлы аудан аумағында орналасқан және Ақтау қаласында жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады