Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 876 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда № 2919 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 18.06.2020 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 43 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері ретінде сотталған тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы бойынша қала аумағындағы қоғамдық орындарда жүзеге асырылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы көшелер мен шағын аудандарды абаттандыру және санитарлық тазалау, жол шаруашылығы саласындағы жергілікті жолдарды санитарлық тазалау және көгалдандыру саласындағы жасыл көшеттерді отырғызу және күту, көп жылдық екпелерді күту бойынша жұмыстар белгіленсін.

      2. "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі", "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелерінің басшыларына және Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарының әкімдеріне:

      қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталушының тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй-коммуналдық, көгалдандыру, жол шаруашылықтары нысандарында атқаруды ұйымдастырсын.

      3. "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ( А.Суюндыков):

      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С.Қалдығұлға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Е. Абилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысының

      уақытша міндетін атқарушы

      Т. Шаудирбаев

      30 қараша 2015 жыл


      "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй

      коммуналдық шаруашылық

      және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі"

      мемелекеттік мекемесінің басшысы

      А. Суюндыков

      30 қараша 2015 жыл


      Қызылсай ауылының әкімі

      С. Ақбердиев

      30 қараша 2015 жыл


      Рахат ауылының әкімінің

      уақытша міндетін атқарушы

      Ұ.Орынбаева

      30 қараша 2015 жыл


      Теңге ауылының әкімі

      У. Максимов

      30 қараша 2015 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады