"Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 37 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 2662 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 24.05.2016 № 77 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Қабиев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
К.Машырықов

  2015 жылғы 20 ақпандағы № 37
Бейнеу ауданының әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, аудан әкімдігінің ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – государственное учреждение "Бейнеуский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии".

      10. "Бейнеу аудандық аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу аудандық әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету.

      16. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      ауыл шаруашылығын және ветеринариялық қызметті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, олардың дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасау, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру болып табылады.

      17. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын әзірлеу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      ветеринариялық мәселелер бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

      жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда,тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

      ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;

      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;

      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

      облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

      облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

      облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

      ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндірумен, өткізілетін (тасымалданатын) обьектілердің импортымен, экспортымен, транзитімен байланысты қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылау және қадағалау;

      республикалық қорды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды бөлуді, олардың сақталуын, тасымалдануын (жеткізілуін) және пайдаланылуын бақылау және қадағалау;

      ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну;

      ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қадағалау және бақылау;

      мемлекеттік ветеринариялық –санитариялық бақылау және қадағалау обьектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау және қадағалау;

      жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және азықтан улануы себептері мен жағдайларын айқындау және анықтау;

      ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылау және қадағалау;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес:

      жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жою, сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;

      агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу;

      тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

      тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну.

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      5) өз құзыреті шегінде "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады