Бейнеу ауданы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 2 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 2763 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 15.05.2017 .№ 1 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Дауыс беруге арналған учаскелердің біріңғай нөмірленуін белгілеу туралы" 2015 жылғы 10 маусымдағы № 0190 Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес және Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, Бейнеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауданда дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сай шекаралары мен орталықтары анықталған № 123 және № 124 сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Бейнеу ауданы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 3 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешімде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11-3-119 нөмерімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2011 жылғы 19 мамыр, ресми жариялау көзі "Рауан" газеті):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. № 113, № 114, № 115, № 116, № 117, № 118, № 119, № 125, № 126, № 128, № 130, № 131, № 132, № 133, № 134, № 135, № 136, және № 137 сайлау учаскелерінің шекаралары қоса беріліп отырған 2-қосымшаға сай анықталсын.";

      шешімге 1 және 2-қосымшалар тиісінше осы шешімге 2 және 3-қосымшаларға сай жаңа редакцияда жазылсын;

      2) 2014 жылғы 21 ақпандағы № 1 "Сайлау учаскелерінің кейбір мәселелері туралы" шешімде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2362 нөмерімен тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2014 жылғы 7 наурыз, ресми жариялау көзі "Рауан" газеті):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауданда дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін қоса беріліп отырған қосымшаға сай шекарасы мен орталығы анықталған № 122 сайлау учаскесі құрылсын.";

      шешімге қосымша осы шешімге 4-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы шешімнің "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Әзірханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      Аймағамбет Күләнда

      19 маусым 2015 жыл

  2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 2 аудан әкімінің шешіміне
1-қосымша

      № 123 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Ұлы Жібек жолы көшесіндегі № 1-55 үйлер, Меңдіқұл батыр атындағы көшедегі № 1-55 үйлер, Досан Тәжіұлы атындағы, Жалау Мыңбаев атындағы, Қабиболла Сыдиықов атындағы, И.Тайманов атындағы, М.Мәметова атындағы, Азан Балов атындағы, Махамбет Өтемісұлы атындағы, Тобанияз Әлниязұлы атындағы көшелердегі үйлер.

      № 124 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Атамекен орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Қосарқан, Шахан, Уәлі, Сайқұдық, Опорная, Мұрын жырау атындағы, Манашы, Айрақты, Жайылған, Дағар, Шаршы, Құсшы, Күйкен, Есенқазақ, Теректі, Шүңкілдек, Лабақ батыр атындағы, Бопай ханым атындағы, Әбілхайыр хан атындағы, Абылай хан атындағы, Хасан хазірет атындағы, Сарыарқа, Каспий, Нарынқол, Жетісу, Ұлытау, Мұғалжар, Алатау, Жайық, Балқаш көшелеріндегі үйлер, Балуанияз батыр атындағы көшедегі № 180-280 үйлер, Қожакелді Тоқсанбайұлы атындағы көшедегі № 180-280 үйлер, Амантұрлы батыр атындағы көшедегі № 180-280 үйлер, Асау батыр атындағы көшедегі № 180-280 үйлер.

  2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 2 аудан әкімінің шешіміне
2-қосымша
2011 жылғы 26 сәуірдегі
№ 3 аудан әкімінің шешіміне
1-қосымша

      № 120 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Атамекен орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Бейімбет Майлин атындағы көшедегі № 81-240 үйлер, Қ.Сәтбаев атындағы көшедегі № 147-240 үйлер, Т.Рысқұлов атындағы көшедегі № 139-240, Рзаевтар атындағы көшедегі № 49-240 үйлер, Сүгір Бегендікұлы атындағы, Аманбай ата атындағы, Ш.Шыңғысов атындағы, А.Өтеуов атындағы, Матай, Қайдақ, Достық, Ынтымақ, Бірлік, Білеулі, Белдеулі, Жезді, Аспантай, Уәйіс Қайралапов атындағы, Әбдібек Жаманбаев атындағы, Қаржаубай Жылқыбаев атындағы, Тұрыш ата атындағы, Қарақоға, Қарағайлы, Шоғы батыр атындағы, Ақшағыл, Серкебай көшелеріндегі үйлер.

      № 121 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Күйкен орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Ұлы Жібек жолы көшесіндегі № 56-130 үйлер, Меңдіқұл батыр атындағы көшедегі № 56-130 үйлер, Ахтан Керейұлы атындағы көшедегі № 21-135 үйлер, Ерменбет би атындағы көшедегі № 27-135 үйлер, Тұрманбет батыр атындағы көшедегі № 28-135 үйлер, әнші Әділ атындағы көшедегі № 28-135 үйлер, әнші Тастемір атындағы көшедегі № 30-135 үйлер, әнші Тұрсын атындағы көшедегі № 30-135 үйлер, Шағырлы, Тасастау, Көлтабан, Жиделі, Рақ батыр атындағы, Аманжол шебер атындағы, Бердібай Сарбалаев атындағы, Тоқабай Құрмаш Қосжанұлы атындағы, Сүйінқара батыр атындағы, Шиланды көшелеріндегі үйлер.

      № 127 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Боранқұл орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл селосының 1 және 4 ауылдарының үйлері.

      № 129 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Ақжігіт орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт теміржол стансасындағы № 1, № 2 көп қабатты үйлер, Ақжігіт селосындағы № 129-242 үйлер, Ақжігіт селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

  2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 2 аудан әкімінің шешіміне
3-қосымша
2011 жылғы 26 сәуірдегі
№ 3 аудан әкімінің шешіміне
2-қосымша

      № 113 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Бейімбет Майлин атындағы көшедегі № 1-80 үйлер, Қ.Сәтбаев атындағы көшедегі № 1-86А үйлер, Жамбыл атындағы көшедегі № 1-40 үйлер, Ж.Аймауытов атындағы, Төлеген Тоқтаров атындағы, Д.Нұрпейісова атындағы, Сәттіғұл атындағы, Айназар ата атындағы, Сырым Датұлы атындағы, Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы көшелердегі үйлер.

      № 114 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы № 30-35, № 37, № 62-70, № 71-92 көп қабатты үйлер, Өсербай Құлбатыров атындағы, Еңсеген Бөкетбайұлы атындағы, Жылкелді Байбозұлы атындағы, Ыбырайым ахун Құлбайұлы атындағы, И.Тіленбайұлы атындағы, Қуантқан Ещанов атындағы, А.Жұбанов атындағы, Әлия Молдағұлова атындағы, Құлша Төлеуұлы атындағы, Байқұл қажы Қаныбекұлы атындағы, С.Сейфуллин атындағы, Барақ батыр атындағы көшелердегі үйлер.

      № 115 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Үстірт орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Ахтан Керейұлы атындағы көшедегі № 1-20 үйлер, Ерменбет би атындағы көшедегі № 1-26 үйлер, Тұрманбет батыр атындағы көшедегі № 1-27 үйлер, әнші Әділ атындағы көшедегі № 1-27 үйлер, әнші Тастемір атындағы көшедегі № 1-29 үйлер, әнші Тұрсын атындағы көшедегі № 1-29 үйлер, әнші Досат атындағы көшедегі № 101-117 үйлер, Жамбыл атындағы көшедегі № 41-70 үйлер, М.Әуезов атындағы, Атақозы батыр атындағы, Самбай Қилыбайұлы атындағы, Ә.Жанкелдин атындағы, Абай атындағы, Құрманғазы атындағы, Исатай Сүйеубаев атындағы көшелердегі үйлер.

      № 116 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы № 38-41 көп қабатты үйлер, Қосай ата атындағы, Т.Айбергенов атындағы, Ер Қонай атындағы, Мәтжан би атындағы, Ер Шабай атындағы, Төлесін Әлиев атындағы, Абыл Тілеуұлы атындағы, Нұрсұлтан Оңғалбаев атындағы, Мәди Бегенов атындағы, Нұрым Шыршығұлұлы атындағы, Оразмұхамед ахун атындағы, Қыдырша ата атындағы, Рсалы батыр атындағы, Ақбөбек атындағы, Қайып Қорабайұлы атындағы, Ер Бегей атындағы, Бауыржан Момышұлы атындағы, Ер Қармыс атындағы, Ахмет Байтұрсынов атындағы, Есір Айшуақұлы атындағы, Сұлтан Бейбарыс атындағы, Қайшыбай Боқанұлы атындағы, Төремұрат батыр атындағы көшелердегі үйлер.

      № 117 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 2087 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы № 2087 әскери бөлімі.

      № 118 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Абай атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы № 1-29, № 47-49, № 53-56, № 59-61 көп қабатты үйлер, С.Ақшабаев атындағы, Ж.Қалдығараев атындағы, Қашаған атындағы көшелердегі үйлер, 1-ауылдағы үйлер, шектері Сұлтан Бейбарыс атындағы, Төремұрат батыр атындағы, Қосай ата атындағы және Т.Айбергенов атындағы көшелермен шартты белгіленген аумақта орналасқан үйлер, № 1 және № 2 разъездің үйлері, Көне Бейнеу жеріндегі үйлер.

      № 119 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Манашы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Қ.Сәтбаев атындағы көшедегі № 87-146 үйлер, Т.Рысқұлов атындағы көшедегі № 81-138 үйлер, Рзаевтар атындағы көшедегі № 1-48 үйлер, әнші Досат атындағы көшедегі № 1-100 үйлер, Балуанияз батыр атындағы көшедегі № 118-179 үйлер, Қожакелді Тоқсанбайұлы атындағы көшедегі № 115-179 үйлер, Амантұрлы батыр атындағы көшедегі № 128-179 үйлер, Асау батыр атындағы көшедегі № 128-179 үйлер, Қалнияз ақын атындағы көшедегі № 58-120 үйлер, Самалық батыр атындағы, Есекмерген батыр атындағы, әнші Шолтаман атындағы көшелердегі үйлер.

      № 125 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Опорный орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл селосының 2, 6 және 7 ауылдарының үйлері.

      № 126 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қарақұм орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боранқұл селосының 3 және 5 ауылдарының үйлері және Боранқұл селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 128 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақжігіт селосындағы № 1-128 үйлер.

      № 130 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Есет мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Есет селосындағы үйлер және Есет селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 131 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеу мектеп – интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сарға селосындағы үйлер және Сарға селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 132 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Тұрыш мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұрыш ауылындағы үйлер және Тұрыш ауылдық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 133 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Сыңғырлау мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сыңғырлау селосындағы үйлер және Сыңғырлау селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 134 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Сам мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сам селосындағы үйлер және Сам селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 135 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Ә.Махутов атындағы мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Төлеп селосындағы үйлер және Төлеп селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 136 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Ноғайты мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ноғайты селосындағы үйлер және Ноғайты селолық округінде орналасқан шаруа, фермер қожалықтары.

      № 137 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу аудандық әкімдігінің "Тәжен мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тәжен ауылындағы үйлер.

  2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 2 аудан әкімінің шешіміне
4-қосымша
2014 жылғы 21 ақпандағы
№ 1 аудан әкімінің шешіміне
қосымша

      № 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Сам орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Амантұрлы батыр атындағы көшедегі № 1-127 үйлер, Асау батыр атындағы көшедегі № 1-127 үйлер, Қалнияз ақын атындағы көшедегі № 1-57 үйлер, Қожакелді Тоқсанбайұлы атындағы көшедегі № 1-114 үйлер, Балуанияз батыр атындағы көшедегі № 1-117 үйлер, Т.Рысқұлов атындағы көшедегі № 1-80 үйлер, М.Жұмабаев атындағы көшедегі үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады