"Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Түпқараған ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 109 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 маусымда № 2741 болып тіркелді. Күші жойылды- Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 03.02.2020 № 15 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Демеуова):

      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г. Демеуоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Т. Асауов



  2015 жылғы 14 мамырдағы № 109
Түпқараған ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
 

"Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер кабылдайды.

      7. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130500, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, 13.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Түпқараған ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. Жұмыс режимі "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сай құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту.

      16. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды үйлестіру.

      17. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) құрылыс саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте салынып жатқан (құрылысы болжамданған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу;

      3) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

      "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы ережеде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзыретінің шегінде "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді.

      "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Түпқараған ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырау және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады