Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы

Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 2772 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 6/46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 6/46 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-ІV Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, "Отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.
      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы: А.Берішбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы: А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы:
      М.Дощанов
      29 маусым 2015 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық экономика және
      қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы:
      Ж.Төлеген
      29 маусым 2015 жыл

  Түпқараған аудандық мәслихатының
2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212
шешімімен бекітілген

Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы

      Осы отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-ІV Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулыларына, "Отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірде қиын жағдайға тап болған адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
      2) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі – КНӘК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      3) ассистенттер – келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі- КНӘК) алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі ) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;
      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – КНӘК алу үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүгінген өтініш берушімен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс - қимыл жасайтын адамдар;
      5) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      6) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, КНӘК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
      7) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      8) жүгінген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне КНӘК тағайындауға өтініш берілген ай;
      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Маңғыстау облысында белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
      10) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      11) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
      12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      13) өтініш беруші – КНӘК тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға;
      14) учаскелік комиссия – КНӘК алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
      15) үміткер –отбасының белсенділігін арттыру үшін өз атынан және отбасы атынан жүгінген адам;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 08.07.2016 № 4/33 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. КНӘК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және КНӘК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      3. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған КНӘК -тің мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Маңғыстау облысында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Жан басына шаққандағы орташа табыс КНӘК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, КНӘК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      4. КНӘК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және өтініш берушінің қалауы бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      5. КНӘК-тің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      6. Отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді.

2. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

      7. Үміткер КНӘК алу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
      8. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант өтініш берушіге жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу іс-шараларына қатысу туралы консультация береді және азамат отбасының белсенділігін арттыруға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
      9. Әңгімелесу жүргізу кезінде:
      1) үміткердің КНӘК алуға құқығы;
      2) отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
      10. Әңгімелесу нәтижелері бойынша "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қосымшаларға сәйкес әңгімелесу парағы және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;
      4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      5) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.
      11. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылса, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы Қағиданың 10 тармағының 3,4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      12. Өтініш беруші уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде осы Қағиданың 10 тармағында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы және көшірмелерді ұсынады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен уәкілетті органның қызметкері (ассистент) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.
      Уәкілетті орган құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқасына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде ассистент өтінішті журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.
      14.Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және үміткердің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
      15.Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қосымшаларға сәйкес тексеру актісін жасайды, учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.
      16. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
      17. Уәкілетті орган:
      1) құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған КНӘК-тің мөлшерін айқындайды.
      2) КНӘК - ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде стационарлық, амбулаторлық емделу ( тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
      үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға,бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын;
      1,2 топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері болып табылатын өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе ) отбасы мүшелерін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
      Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
      3) уәкілетті орган әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін "Отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген қосымшаларға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспарын жасау үшін шақырады;
      4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған күні КНӘК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және КНӘК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.
      18. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) отбасыға көмектің жеке жоспары өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі жақтың мемлекеттік жұмыспен қамту шараларына қатысу туралы міндеттемелерінен тұрады, сондай-ақ, скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан ( маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді де қамтиды.
      19. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай, алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, КНӘК мөлшері қайта қаралмайды.
      20. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.
      21.Уәкілетті орган КНӘК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдердің негізінде алушыға КНӘК төлеуге қоюды жүзеге асырады.
      22. КНӘК тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама өтініш беруші уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өзі келген кезде беріледі.

3. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

      23. КНӘК төлеуді уәкілетті орган алушылардың банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.

4. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті тоқтату тәртібі

      24. КНӘК төлемдерін тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) КНӘК алушылардың отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;
      2) жалған мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының бұзылуы;
      3) алушының банктік шоты бойынша үш айдан астам қозғалыстардың болмауы;
      4) КНӘК алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтердің, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;
      5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтердің, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан келіп түсуі;
      6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтіп кетуі;
      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдар фактісінің, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;
      8) қамқоршылықтан(қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтердің түсуі.
      Бұл ретте, КНӘК-ті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) КНӘК төлеу оның тағайындалу кезеңіне тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания социальной помощи на основании контракта для активизации семьи (граждан)

Решение Тупкараганского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 31/212. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 20 июля 2015 года № 2772. Утратило силу-решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 21 октября 2016 года № 6/46

      Сноска. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 21.10.2016 № 6/46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-ІІ "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 ноября 2014 года № 259-V "О республиканском бюджете на 2015-2017 годы", от 29 декабря 2008 года № 114-ІV "О специальных социальных услугах" и постановлениями Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", от 19 февраля 2015 года № 82 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2014 года № 97 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014-2015 годы областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению" и приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 88 "Об утверждении форм социального контракта активизации семьи и индивидуального плана помощи семье", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения размера и порядка оказания социальной помощи на основании контракта для активизации семьи (граждан).
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам Тупкараганского районного маслихата (председатель комиссии О.Абдрахманов).
      3. Государственному учреждению "Аппарат Тупкараганского районного маслихата" (А.Избен) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официального опубликования в средствах массовой информации и размещения в информационно-правовой системе "Әділет".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти каленьдарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии: А.Беришбаев
      Секретарь районного маслихата: А.Досанова

      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Тупкараганский
      районный отдел занятости и
      социальных программ"
      М.Дощанов
      29 июнь 2015 года
      "СОГЛАСОВАНО"
      Руководитель государственного
      учреждения "Тупкараганский
      районный отдел экономики
      и финансов"
      Ж.Толеген
      29 июнь 2015 года

  Утверждено
решением Тупкараганского
районного маслихата от 29 июня
2015 года № 31/212

Правила определения размеров и порядка оказания социальной помощи на контрактной основе для активации семьи (граждан)

      Настоящие правила определения размеров и порядка оказания социальной помощи на контрактной основе для активации семьи (граждан) (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-ІІ "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 ноября 2014 года № 259-V "О республиканском бюджете на 2015-2017 годы", от 29 декабря 2008 года №114-ІV "О специальных социальных услугах" и постановлениями Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи,установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", от 19 апреля 2015 года № 82 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2014 года № 97 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014-2015 годы областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению" и приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 88 "Об утверждении форм социального контракта активизации семьи и индивидуального плана помощи семье".

1. Общие положения

      1.В Правилах используются следующие основные понятия:
      1) специальные социальные услуги – комплекс услуг, обеспечивающих лицу (семье), находящемуся в трудной жизненной ситуации, условия для преодоления возникших социальных проблем и направленных на создание им равных с другими гражданами возможностей участия в жизни общества;
      2) социальная помощь на контрактной основе (далее – СПКО) – выплата в денежной форме, предоставляемая государством физическим лицам или семьям с месячным среднедушевым доходом ниже 60 процентов от величины прожиточного минимума на условиях социального контракта активизации семьи;
      3) ассистенты - лица, привлекаемые отделом занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния на договорной основе для проведения консультаций, собеседований с претендентом, обратившимся к акиму поселка, села, сельского округа (далее - аким сельского округа) для получения социальной помощи на контрактной основе (далее - СПКО), сопровождения лица (семьи) в период реализации социального контракта активизации семьи, мониторинга и составления отчета о проделанной работе;
      4) консультанты по социальной работе - лица, привлекаемые отделом занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния на договорной основе для проведения консультаций, собеседованийс претендентом, обратившимся в отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния для получения СПКО, сопровождения лица (семьи) в период реализации социального контракта активизации семьи, проведения мониторинга и составления отчета о проделанной работе, взаимодействующие со специалистами органов и организаций социальной защиты населения, сельского хозяйства и иных организаций;
      5) социальный контракт – соглашение между физическим лицом из числа безработных, самостоятельно занятых и малообеспеченных граждан Республики Казахстан, участвующих в государственных мерах содействия занятости, и центром занятости населения, определяющее права и обязанности сторон;
      6) совокупный доход семьи – общая сумма доходов, полученных как в денежной, так и в натуральной форме, за 3 месяца, предшествующих месяцу обращения за назначением обусловленной денежной помощи, рассчитываемая в соответствии с Правилами исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи, утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года № 237-п;
      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      8) дата обращения – месяц подачи заявления за назначением СПКО в уполномоченный орган или к акиму сельского округа со всеми необходимыми документами;
      9) государственная адресная социальная помощь (далее – адресная социальная помощь) – выплата в денежной форме, предоставляемая государством физическим лицам (семьям) с месячным среднедушевым доходом ниже черты бедности, установленной в Мангистауской области;
      10) уполномоченный орган финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи - государственное учреждение "Тупкараганский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (далее-уполномоченный орган);
      11) индивидуальный план помощи семье (далее – индивидуальный план) – комплекс разработанных уполномоченным органом совместно с заявителем мероприятий по содействию занятости и (или) социальной адаптации;
      12) социальный контракт активизации семьи – соглашение, между трудоспособным физическим лицом, выступающим от имени семьи для назначения социальной помощи на контрактной основе и уполномоченным органом, определяющее права и обязанности сторон;
      13) заявитель – трудоспособное физическое лицо, действующее от имени семьи для назначения СПКО;
      14) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за СПКО;
      15) претендент – лицо, обращающееся от себя и от имени семьи для активизации семьи;
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 08.07.2016 № 4/33(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. СПКО предоставляется семье (лицу) при условии участия трудоспособных членов семьи (лица) в государственных мерах содействия занятости и прохождения в случае необходимости, социальной адаптации членов семьи (лица, включая трудоспособных).
      На период действия социального контракта активизации семьи и выплаты СПКО приостанавливается выплата адресной социальной помощи.
      3. Размер СПКО на каждого члена семьи (лицо) определяется как разница между среднедушевым доходом семьи (лица) и 60 процентами от величины прожиточного минимума, установленной в Мангистауской области.
      Среднедушевой доход исчисляется путем деления совокупного дохода, полученного за 3 месяца, предшествующих месяцу обращения за назначением СПКО, на число членов семьи и на три месяца и не пересматривается в течение срока действия социального контракта активизации семьи.
      Размер СПКО пересчитывается в случае изменения состава семьи с момента наступления указанных обстоятельств, но не ранее момента ее назначения.
      4. СПКО предоставляется на срок действия социального контракта активизации семьи и выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по усмотрению заявителя.
      5. Единовременная сумма СОКП должна быть использована исключительно на мерприятия, связанные с выполнением обязанностей по социальному контракту, в том числе на развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы и другое), организацию индивидуальной предпринимательской деятельности, кроме затрат на погашение предыдущих займов,приобретение жилой недвижимости, а также осуществление деятельности в сфере торговли.
      6. Социальная адаптация членов семьи ( лица) предусматривает предоставление специальных социальных услуг в зависимости от их индивидуальной потребности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных социальных услугах", а также иные меры социальной поддержки, предусмотренные за счет средств местного бюджета.

2. Порядок назначения социальной помощи на контрактной основе

      7. Претендент для получения СПКО от себя лично или от имени семьи обращается в уполномоченный орган по месту жительства или к акиму сельского округа.
      8. Уполномоченный орган, аким сельского округа либо консультант по социальной работе дают консультацию заявителю о мерах содействия занятости и социальной адаптации и при его согласии на участие проводят собеседование.
      9. При проведении собеседования определяются:
      1) право претендента на получение СПКО;
      2) виды предоставляемых мер специальных социальных услуг членам семьи с учетом их индивидуальных потребностей;
      3) государственные меры оказания содействия занятости.
      10. По результатам собеседования оформляется лист собеседования и анкета о семейном и материальном положении согласно приложениям утвержденным постановлением Республики Казахстан от 19 апреля 2015 года № 82 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2014 года № 97 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014-2015 годы областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на оказание социальной защиты и помощи населению", при этом к ним прилагаются следующие документы:
      1) документ, удостоверяющего личность;
      2) справка о составе семьи;
      3) документ, подтверждающего установление опеки (попечительства) над членом семьи (при необходимости);
      4) документ, подтверждающего регистрацию по постоянному месту жительства;
      5) сведений о наличии личного подсобного хозяйства;
      11. Представление документов, указанных в подпунктах 3,4 пункта 10 настоящих Правил, не требуется в случаях, если заявитель в момент обращения является получателем государственной адресной социальной помощи и (или) государственного пособия на детей до восемнадцати лет, а также наличия возможности получения информации, содержащейся в них, из государственных информационных систем.
      12. Заявитель при обращении уполномоченному органу или акиму сельского округа представляет документов, указанных в пункие 10 настоящих Правил в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      13. После представления заявителем соответствующих документов в его присутствии сотрудник уполномоченного органа (ассистент) формирует запрос по индивидуальному идентификационнному номеру заявителя и членов семьи в государственные информационные системы.
      Уполномоченный орган обеспечивает качество и соответствие электронных копий документов и сведений оригиналам, представленным заявителем.
      При представлении государственными органами и (или) организациями электронных документов, подтверждающих запрашиваемые сведения, уполномоченный орган регистрирует заявление в журнале, после чего заявителю выдается отрывной талон с отметкой о принятии документов.
      14.Уполномоченный орган или аким сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения документов формирует макет дела и передают участковым комиссиям для проведения обследования материального положения заявителя.
      15.Участковые комиссии в течение трех рабочих дней со дня поступления документов проводят обследование материального положения заявителя, составляют акт обследования и заключение участковой комиссии согласно приложениям утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и передают их в уполномоченный орган или акиму сельского округа.
      16. Аким сельского округа передает документы заявителей с приложением заключения участковой комиссии в уполномоченный орган не позднее десяти рабочих дней со дня их принятия.
      17. Уполномоченный орган:
      1) после получения документов от акима сельского округа или участковой комиссии в течение одного рабочего дня формирует электронный макет дела заявителя, включающий электронные копии заявления, документов, представленных заявителем, определяет месячный размер СПКО на каждого члена семьи;
      2) после определения права на СПКО в течение одного рабочего дня направляет заявителя и (или) членов семьи, отнесенных к категории самозанятых, безработных для участия в государственных мерах содействия занятости в центр занятости для заключения социального контракта либо представляет иные меры содействия занятости, реализуемые за счет средств местного бюджетав соответствии с Законо Респулики Казахстан "О зан.ятости населения", за исключением случаев:
      стационарного, амбулаторного лечения (при предоставлении подтверждающих документов от соответствующих медицинских организаций);
      осуществления занятости ухода за детьми до трех лет, ребенком-инвалидом до восемнадцати лет, инвалидами первой и второй групп, престарелыми старше восьмидесяти лет, которые нуждаются в постороннем уходе и помощи;
      инвалидов 1 и 2 группы, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов очной формы обучения.
      При этом уполномоченный орган передает список направленных лиц в центр занятости. Центр занятости не позднее трех рабочих дней со дня получения списка претендентов заключает социальный (ые) контракт (ы) и направляют копию социальног (ых) контракта (ов) в уполномоченный орган;
      3) Уполномоченный орган после получения копии социального ( ых) контракта (ов) в течение двух рабочих дней приглашает заявителя и (или) членов семьи для разработки индивидуального плана и заключения социального контракта активизации семьи согласно приложениям утвержденным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 февраля 2015 года № 88 "Об утверждении форм социального контракта активизации семьи и индивидуального плана помощи семье".
      4) в день заключения социального контракта активизации семьи прнимает решение о назначении (отказе в назначении) СКПО и в случае принятия решения об отказе в назначении СПКО направляет заявителю уведомление об отказе (с указанием причины).
      18. Индивидуальный план помощи семье разрабатывается совместно с заявителем и членами его семьи, который включает в себя мероприятия по содействию занятости и социальной адаптации ( в случае присутствия в составе семье лиц, нуждающихся в такой адаптации) и является неотъемлемой частью социального контракта активизации семьи).
      Социальный контракт активизации семьи содержит обязательства сторон на участие в государственных мерах содействия занятости, а также скрининговых осмотров, приверженность к лечению при наличии социально-значимых заболеваний (алкоголизм, наркомания, туберкулез), постановку на учет в женской консультации до 12 недели беременности и наблюдение в течение всего периода беременности.
      19. Социальный контракт активизации семьи заключается на один год с возможностью пролонгации на шесть месяцев, но не более одного года при условиях необходимости продления социальной адаптации членов семьи и (или) незавершения трудоспособными членами семьи профессионального обучения и (или) прохождения молодежной практики и (или) занятости в социальных рабочих местах.
      При пролонгации социального контракта активизации семьи размер СПКО не пересматривается.
      20. Социальный контракт активизации семьи заключается в двух экземплярах, один из которых выдается заявителю под роспись в журнале регистрации, второй хранится в отделе занятости и социальных программ.
      21.Уполномоченный орган на основании решений о назначении (об отказе в назначении) СПКО осуществляет постановку на выплату СПКО получателю.
      22. Уведомление о назначении СПКО выдается заявителю при его личном обращении в уполномоченный орган или к акиму сельского округа.

3. Порядок выплаты социальной помощи на контрактной основе

      23. Выплата СПКО осуществляется уполномоченным органом путем перечисления на банковские счета получателей.

4. Порядок прекращения выплаты социальной помощи на контрактной основе

      24. Прекращение выплаты СПКО производится в случаях:
      1) невыполнения получателями СПКО обязательств по социальному контракту активизации семьи и социальному контракту;
      2) расторжения социального контракта активизации семьи в связи с представлением недостоверных сведений;
      3) отсутствия движений по банковскому счету получателя более трех месяцев;
      4) выявления сведений о факте выезда получателей СПКО на постоянное местожительство за пределы Республики Казахстан, в том числе из государственной базы данных "Физические лица";
      5) поступления сведений об умерших или объявленных умершими, в том числе из государственной базы данных "Физические лица";
      6) истечения срока действия документа, удостоверяющего личность;
      7) выявления фактов без вести пропавших лиц, находящихся в розыске, представляемых Генеральной прокуратурой Республики Казахстан, в том числе из Государственной базы данных "Физические лица";
      8) поступления сведений об освобожденных и отстраненных опекунах (попечителях).
      При этом в случае выявления представления недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение СПКО, выплата СПКО лицу (семье) прекращается на период ее назначения. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добравольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.