Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212 "Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 4/33 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 тамызда № 3123 болып тіркелді. Күші жойылды- Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.11.2016 № 7/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына және 24 бабының 6 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 31/212 "Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      Отбасының (азаматтардың) белсенділігін арттыру үшін келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
      1 тармақтың 3), 4) және 10) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) ассистенттер – келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі- КНӘК) алу үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі ) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;";
       "4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – КНӘК алу үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жүгінген өтініш берушімен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс - қимыл жасайтын адамдар;";
      "10) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);".
      2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
      хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқарушы
      Г.Бекбосинова
      8 шілде 2016 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық экономика және қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ж.Төлеген
      8 шілде 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады