Дәулет ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 30/312 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 2701 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 20.04.2016 № 2/18 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 27.04.2018 № 22/274 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Дәулет ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы мен жер аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 20.04.2016 № 2/18 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А.Укибаев

Аудандық мәслихат


хатшысы

Б. Назар


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      М. Таңатар

      20 наурыз 2015 жыл.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының м.а.

      Ә. Өтегенов

      20 наурыз 2015 жыл.

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 30/312 шешіміне 1-қосымша

Даулет ауылдық округін салық салу мақтсатында аймақтарға бөлу
СХЕМАСЫ



  Мұнайлы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 30/312 шешіміне 2-қосымша

Дәулет ауылдық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 20.04.2016 № 2/18 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аймақтар №

Аймаққа енетін аумақтар

Салық салу коэффициенттері

1

Селитебтік аймақ

1,4

2

Өндірістік аймақ

1,5

3

Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы

1,0


      Аймақтардың сипаты

      1-ші аймақСелитебтік – жеке тұрғын үй құрылысы, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беру мектептері, балабақшалар, емхана, кіші дүкендер жүйесі, кафе құрылыстары;

      2-ші аймақ - Өндірістік аймақ;

      3-ші аймақ - Ауыл шаруашылығы және өзге режимде пайдалану аймағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады