Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі (А. Арыстанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е. Оспанға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н. Тәжібаев |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 312-қ қаулысына қосымша |
"Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеcі Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округі, Қызылтөбе ауылы.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
9. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі болып табылады.
10. Осы Ереже "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз ету болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;
5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс–қимыл жасау.
16. Функциялары:
Ақпараттық-талдау:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауыл әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдау материалдарымен қамтамасыз ету;
2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
4) "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
Ұйымдық-құқықтық функциялары:
1) "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу, олардың дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру;
2) ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конститутциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
4) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
5) "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерін даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүргізу;
6) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
7) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
8) "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
9) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау;
10) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
11) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
12) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
13) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
14) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
15) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
17) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
3) "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.
19. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметінен босатылады немесе өз өкілеттігін тоқтатады.
20. Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
1) "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің құзыреттері мен міндеттерінің шеңберін анықтайды;
2) "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарды жүзеге асыруда өкілетті тұлға болып табылады;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе міндетті күші бар актілер шығарады;
6) Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
23. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
26. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
27. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.