Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 сәуірде № 5490 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімінің 25.02.2016 № 2 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29, 37-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
      1. Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар, осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       Н. Садуақасов

  Әкімнің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4 шешіміне қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын
жұмыстар

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын жергілікті атқарушы органдардың белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді құру (салу) не болмаса қолда барларын реконструкциялау (жобаның жалпы сметалық құнының республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елу мың есесінен басталған кезінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады