"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 308 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 5822 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.06.2018 № 299 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 18.01.2017 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 18.01.2017 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі Н. Садуакасов

  Облыс әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 308 қаулысымен бекітілген

"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 18.01.2017 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстың жергілікті атқарушы органы ("Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 18.01.2017 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген) қосымшасына сәйкес қағаз тасымалдауыштағы сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 18.01.2017 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының еркін нысандағы өтініш пен құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, олардың тіркелуін жүзеге асырады және жауапты орындаушыны айқындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 2 (екі) сағат.

      Рәсімнің нәтижесі (іс-қимылдың) – құжаттар топтамасын тіркеу;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды және тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) күн.

      Рәсімнің нәтижесі (іс-қимылдың) - көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, 87 (сексен жеті) күн (айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан мүліктің құны бойынша – 147 (жүз қырық жеті) күн).

      Рәсімнің нәтижесі (іс-қимылдың) – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 1 (бір) күн.

      Рәсімнің нәтижесі (іс-қимылдың) – қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.

      Рәсімнің нәтижесі (іс-қимылдың) – берілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      7. Әр бір рәсімнің ұзақтылығын (іс-қимылын) көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, олардың тіркелуін жүзеге асырады және жауапты орындаушыны айқындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 2 (екі) сағат;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды және тиісті бұрыштама қояды, 1 (бір) күн;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, 87 (сексен жеті) күн (айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асқан мүліктің құны бойынша – 147 (жүз қырық жеті) күн);

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 1 (бір) күн;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну және рәсімдерінің кезеңділігі (іс-қимылы) тәртібін сипаттау осы Регламенттің қосымшасына сәйкес бизнес-процестердің анықтамалығында көрсетілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 30.05.2016 № 250 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

  " Әкімдіктің 2017 жылғы
18 қаңтардағы № 14
қаулысына қосымша
  "Мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың және жеке
тұлғалардың мүлікке кұқығын
сыйға беру шарты бойынша
Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен
Қазақстан Республикасының
қабылдауы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
Регламентіне қосымша

"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке кұқығын
сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 18.01.2017 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     


     


      Шартты белгілер:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады