"Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 377 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 5882 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 438 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 23.09.2016 № 438 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 377 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 65.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) облыс аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
      2) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
      3) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;
      4) ведомстволық бағынысты облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      5) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      6) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру жөніндегі облыс әкімдіктің актілерін дайындау;
      7) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
      8) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
      9) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және жеке тұлғаларынан құзыреті шегінде ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
      2) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      4) "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінік беру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жоғары мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде ұсыныстарды жолдау;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазаларды қолдану мәселелерді шешеді;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қостанай облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады