"Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 205 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 маусымда № 5679 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 23.05.2016 № 157 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекітілсін.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өткізсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      __________________ А. Стюф

  Арқалық қала әкімдігінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 205 қаулысымен бекітілді

"Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1.Жалпы ережелер
      1. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік- құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік бірелген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті колданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:"Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы,
      негізгі міндеттері, функциялары,
      құқықтары мен міндеттері
      14. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Арқалық қаласы жер қатынастарын реттеу, жер ресурстарын қайта бөлу және пайдалану туралы ақпараттардың қол жетімділігін және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында тиімді есеп саясатын жүргізу, жер ресурстарын оңтайлы және тиімді пайдалану және олардың сапасының жағдайын арттыру үшін жағдай жасау жөніндегі функцияларды орындау.
      15. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қолданыстағы заңнамамен белгіленген өз құзыреті шегінде Арқалық қаласының аумағында жер қатынастарын реттеу;
      2) Арқалық қаласы жер ресурстарын тиімді және оңтайлы пайдалану үшін жағдай жасауға олардың сапалық жағдайын арттыру, жерлерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі іс – шараларды үйлестіру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекету;
      9) аудандардың, облыстық маңызы бар калалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      10) елді мекендер аумағының жер- шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      11) жер сауда- саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      12)жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
      14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қолданыстағы заңға сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
      20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      21) жер- кадастрлық жоспарды бекіту жатады;
      22) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
      23) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) қала әкімдігіне мақсаты, басымдылығы бойынша және өзінің қызметінің саласында жер қатынастары дамуының стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, қызметтік тұлғалардан, жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушыларынан заңнамада белгіленген тәртіппен жер қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
      3) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен көзделген негіздері бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
      4) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) сот органдарында арызданушы ретінде өз атынан, сонымен қатар қала әкімінің және әкімдіктің атынан шығу, сот, құқық қорғау, қоғамдық және басқа да органдарда, ұйымдарда және мекемелерде жер заңнамасы мәселелері бойынша қорытындылар беру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік органның
      қызметін ұйымдастыру
      18. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырылады, ол "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      19. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      20. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін атынан өкілдік ету;
      2) "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктілген функциялармен міндеттерді, сондай- ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді.
      3) Азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      4) "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды қала әкіміне бекітуіне енгізеді, еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтерме ақылар (сыйақалар) белгілейді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мамандары мен техниқалық қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      7) құзіреті шегінде қызметтік қаржылық құжаттамаларға қол қояды;
      8) өзінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
      21. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы жетекшілік жасайды.
      4. Мемлекеттік
      органның мүлкі
      22. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта
      ұйымдастыру және тарату
      25. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады