Мәслихаттың 2014 жылғы 19 шілдегі № 207 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар берілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 302 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада № 6010 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 327 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 01.03.2016 № 327 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республиаксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 19 маусымдағы № 207 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және ветеринария саласындардағы мамандардың, азаматтық қызметшілер болып табылатын тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарландыруын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 шілдегі "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен саластырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясының
төрағасы
Н. Исмаилова
      Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Есмұханов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Алтынсарин аудандық әкімдігінің
      экономика және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________________ Е. Павлюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады