Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 53 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 5584 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 177 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 08.08.2016 № 177 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Таукенов

  Амангелді ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 53 қаулысына қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін
таңдау жөніндегі критерийлер

№ р/с
Критериийлер атауы
Иеліктен айыру түрлері
1
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.
Сауданы аукцион нысанында өткізу
2
Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі.
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы төлемдері бойынша берешектерді өтеу және өзгеде де шарттар);
ең жоғары баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы төлемдері бойынша берешектерді өтеу және өзге де шарттар) болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.
Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу
3
Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.
Тікелей атаулы сату

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады