Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 325 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 маусымда № 5671 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Амангелдi аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Кезектен тыс
      сессия төрағасы

А. Ташимов

      Аудандық
      мәслихат хатшысы

Ә. Саматов


       КЕЛІСІЛДІ:
      "Амангелді ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________________ М. Сакетов
      "29" мамыр 2015 жылғы
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады