2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 5356 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, 2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Б.С. Смадияровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Жаманов

Әкімдіктің      
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9 қаулысына қосымша 

2015 жылға арналған халықтың нысаналы
топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тізбесі

      1. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, лайықты жұмысы жоқ, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар.
      2. Елу жастан асқан тұлғалар.
      3. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады