"Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 28 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірде № 5487 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 89 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Карбозов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 28 қаулысымен бекітілген

"Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110815, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Орқаш ауылы, Центральная көшесі, 8 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл әкімінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын орындау, елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаруды жүзеге асыру;
      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық қағидаттарын жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;
      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді ұстанымын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
      5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауыл әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз ету;
      2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
      3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
      4) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай-күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
      5) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды, құқықтық жалпы оқытуды және басқа да іс-шараларды өткізу;
      6) ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
      7) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
      8) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
      9) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуді қамтамасыз етеді;
      10) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің іс жүргізу жоспарларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
      11) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
      12) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
      13) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қабылдау;
      14) жұмыстың үлгісі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      15) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      16) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
      19) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды тұлғаларға және жеке тұлғалардың өкілдеріне түсініктемелер беру;
      3) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.
      19. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттігі:
      1) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттерге дербес жауап береді;
      3) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін әзірлейді;
      4) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      6) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
      7) ауыл әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
      8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      9) "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жолдайды:
      10) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      11) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
      12) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
      13) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Жұмыс тәртібі "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімінің өкімімен бекітілген, "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады