"Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 89 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 5775 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 89 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Бисимбаев

  Әкімдіктің
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 89 қаулысымен бекітілген

"Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, аудандық коммуналдық мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанова көшесі, 61 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және ауданың коммуналдық меншігін тиімді басқару болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу;
      2) аудандық коммуналдық мүлікті басқару;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
      2) бюджеттің түсімдер бойынша, шығыстар бойынша атқару;
      3) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
      4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
      2) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру

      18. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қамысты ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      2) барлық ұйымдарда "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      3) "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқарады;
      5) шарттар жасасады;
      6) сенімхаттар береді;
      7) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
      8) барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      9) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және мадақтау шараларын қолданады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.

4. Мемлекеттік
органның мүлкі

      21. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      24. "Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады