Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 27.10.2021 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мыналар:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - қызметті алушылар) ұсынылады;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүгінген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп айқындалсын.
3. Мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № 271 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы", (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5522 тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Орқашбаев |
Қамысты аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Рахимжанов |