"Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 237 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5902 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеу қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмағұлов

  Қарабалық ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 237 қаулысымен бекітілді

"Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетті атқару, бюджеттік есепті және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жүргізу, сонымен қатар аудандық коммуналдық меншікті басқару міндеттер саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарабалық ауданы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Миссиясы қаржыларды және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты дамытуда және жетілдіруде жәрдем беру.
      15. Мiндеттерi:
      1) жергілікті бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) түсімдер мен шығындар бойынша бюджетті толық және уақытылы атқаруы;
      3) бюджеттік есепті жүргізу және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есептілігін құрастыру;
      4) аудандық коммуналдық меншігін басқару, оны қорғау жөнінде шараларды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамен белгіленген өзге де міндеттері.
      16. Функциялары:
      1) бюджет ақшасын басқаруды жүзеге асырайды;
      2) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;
      3) сәйкес қаржылық жылға арналған аудандық бюджеті туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік бағдарламалардың толық және уақытылы орындауына бағытталған іс шараларды жүзеге асырайды;
      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілердің келісімі бойынша түсімдердің болжамды көлемдерін ескеріп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерін төлету ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртібімен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарын құрастырады және бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртібімен жылдық сомаларын қоса алғанда түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;
      7) төлемді уақтылы және толық жүргізуді қамтамасыз ету үшін алдағы кезеңде бюджетке түсетін түсімдер күтудегі көлемін анықтайды;
      8) қаржыландыру жоспарлардың жылдық сомаларын ай сайынғы бөлуінің талдауы және бағалауы арқылы бюджеттік қаражаттар игеруінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізілетін негіздеуінің, қаржыландыру жоспарларын орындамау себептерін анықтауының мониторингін жүзеге асырайды;
      9) аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру, аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға), жеке тұлғаларға және кейіннен сатып алуға құқығынсыз мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, кейіннен салып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негіздеуімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне беру құқығымен ұсыну бойынша жұмысын өткізеді;
      жекешелендіру объектілердің сатып–алу - сату, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру, сенімгерлікпен басқару, өтеусіз пайдалану шарттарын дайындайды және жасайды;
      10) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі ауданның жергілікті уәкілетті органына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, сондай ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен кезделген басқа есептер береді;
      11) коммуналдық меншігіне жекелеген негіздер бойынша түскен айналдырылған (түскен), аудандық коммуналдық мүліктің есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды және іске асыруды жүргізеді;
      12) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда иесіз жылжымайтын мүлікті тіркеуге қою және тіркеуден түсіру бойынша, жылжымайтын мүлікті иесіз деп және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқықтарын таныту туралы арыздарын сотқа беру үшін құжаттарды дайындау бойынша жұмысты өткізеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін атқарушы билігінің және жергілікті өзін – өзі басқаруының басқа органдармен өзара әрекеттесіп жүзеге асыру;
      2) өз құзыреті шегінде заңнамамен орнатылған тәртіппен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарын (сұраулар негізінде) алу;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтау;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттері.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқараду;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қарабалық ауданы әкiмдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымдық орнынан босатады;
      3) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Қарабалық ауданы әкiмдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
      5) мекемеде жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысқа, сондай ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын қабылдамауы үшін жеке жауап береді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерін жүзеге асырады.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады