Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 422 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 6127 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2024 жылғы 9 шілдедегі № 136 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 09.07.2024 № 136 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 тіркелген, 2014 жылғы 4 желтоқсанда аудандық "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:

      2, 3-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Қостанай облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Қарабалық бөліміне (бұдан әрі – ХҚКО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      3. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Он жетінші


сессия төрайымы

Р. Кушекбаева

Аудандық


мәслихаттың хатшысы

Е. Аманжолов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады