"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Шәмшиев |
Әкімдіктің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 72 қаулысына қосымша |
"Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
"Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлеккетік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқаң жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исақов көшесі, 66.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өзінің құзыреті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.15. Міндеттері:
1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау, қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларің, жануарларды асырудің санитариялық аумақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз етеді;
3) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатті алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуін ұйымдастыру;
5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылайды және қадағалайды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) бағдарлардан өтетін, мал айдалатын жолдарда, бағдардан, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
9) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
10) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
11) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ведомствоның функциялары:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жою;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
6) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
8 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарасу ауданының әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына дербес жауап береді;
2) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
3) "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, құрылымы және штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да қызметкерлерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар), қосымша төлемдер белгілейді;
4) "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкелері міндетті түрде орындауға тиісті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
6) өз құзыреті шегінде "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражаттарын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;
7). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.