"Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 378 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 тамызда № 5783 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 03.05.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімi Т. Исабаев

  Әкiмдіктің
2015 жылғы 8 шілдедегі
№ 378 қаулысымен бекітілген

"Қостанай ауданының Затобол кенті
әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобольск кенті, Калинина көшесі, 55 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесінің миссиясы: кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару;
      3) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының деңгейін және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымдарын арттыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және кент әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдармен қамтамасыз ету;
      2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
      3) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
      4) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету;
      5) "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орындаушылық тәртібінің жай–күйіне талдау жүргізу;
      6) "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды өткізу, құқықтық жалпы оқытуды және басқа да іс-шараларды өткізу;
      7) кент әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
      8) әкімнің, әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
      9) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
      10) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдану;
      11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      12) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;
      13) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық іс–әрекеттерді жүзеге асыру;
      14) мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс әрекет жасау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құкықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Затобол кенті әкімі жүзеге асырады.
      19. Кент әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. Кент әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Кент әкімінің өкілеттігі:
      1) "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аппарат жүмыскерлерін тағайындайды, лауазымнан босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      4) құзырет шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      5) өз құзыреті шегінде "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақша қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      6) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Кент әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Кент әкімі өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай ауданының Затобол кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады