Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 622 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 6065 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 03.05.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазахстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 622 қаулысымен бекітілген

Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
      2) Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      3) "Қостанай ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинина көшесі, 61 А үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы,
негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      14. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қостанай ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) тілдерді үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
      3) мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
      4) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтерге атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) кітапханалық қызметтерді ұсыну;
      2) мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, ағылшын және басқа тілдерді оқытуды ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның
қызметiн ұйымдастыру

      18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бірінші басшысын Қостанай ауданы әкімі қызметке тағайындады және қызметтен босатады.
      20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      24. Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады