Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 624 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда № 6067 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 03.05.2016 № 248 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазахстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
2015 жылғы 13 қарашадағы
№ 624 қаулысымен бекітілген

Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      1) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай ауданы әкімдігінің "Затобол жылу энергетиқалық компаниясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинина көшесі, 63А үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы,
негiзгi мiндеттерi, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      14. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) аудан тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
      2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
      3) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;
      4) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
      5) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
      6) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ведомствоның функциялары:
      1) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу, жабдықтау жөніндегі қызметтері;
      2) су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің қызметтері;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның
қызметiн ұйымдастыру

      18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бірінші басшысын Қостанай ауданы әкімі қызметке тағайындады және қызметтен босатады.
      20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      24. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады