Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 19.01.2016 № 380 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 1-1 тармағына, 444-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының, бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы О. Нұрабаев
Аудандық
мәслихаттың хатшысы В. Леонов