"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Өтеулин |
Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 229 қаулысымен бекітілген |
"Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер1. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімінің шешімдері мен өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111711, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Таран ауданы, Павлов ауылы, Центральная көшесі, 41 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесінің миссиясы: ауылдық округі әкімінің қызметін талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару;
3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық қағидаларын өмірге енгізу, мемлекеттік өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық–саяси өміріндегі, олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс–қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауылдық округ әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдау материалдармен қамтамасыз ету;
2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
4) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
5) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды, құқықтық жалпы оқытуды өткізу және басқа да іс-шараларды өткізу;
6) ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
7) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
8) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
9) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
10) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізу жоспарларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;
11) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
12) азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру;
13) мемлекеттік тілді кең қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
14) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
15) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық іс–әрекеттерді жүзеге асыру;
16) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
18) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу;
20) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы Ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар;
2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.
19. Ауылдық округі әкімінің орынбасарлары жоқ.
20. Ауылдық округі әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. Павлов ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
1) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
2) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, Павлов ауылдық округі әкімінің аппаратының құрылымы мен штаттық санын бекітуге аудан әкімдігіне ұсыныстар енгiзедi;
3) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
5) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді, шешімдер мен өкімдер шығарады;
6) ауылдық округ әкімімен қабылданған шешімдер мен өкімдердің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты ұйымдастырады;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
10) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
11) нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалар және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін жұмыс топтарын құрады;
12) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
13) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Павлов ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Павлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.