Павлодар облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 маусымда № 4522 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін орындарында шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі белгіленсін.
      2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы шешім аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсiн.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 2 шешіміне
қосымша

Павлодар облысында спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық
мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін орындарында
шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі

      Спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін ұйымдастырушылар Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен, Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасымен, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен және ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 23 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 200-V Заңдарына сәйкес келесі іс-шараларды іске асырады:
      1. Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы спорттық-бұқаралық іс-шаралар санатына жататын іс-шаралар критерийлерін әзірлейді және осы ақпаратты басқарманың ресми сайтында орналастырады.
      2. Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар санатына жататын іс-шаралар критерийлерін әзірлейді және осы ақпаратты басқарманың ресми сайтында орналастырады.
      3. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін ұйымдастырушылар:
      спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралардың санаттарына жататын іс-шараларды белгілейтін Іс-шараларды өткізу туралы ережені әзірлейді;
      Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасымен спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу аумағын келісімдейді;
      Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу аумағын келісімдейді.
      4. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін аумақта шыны адыстағы өнімдерді сатуға жол берілмейді.
      5. Сусындарды құюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бақылайтын халықтың санитарлық эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы нормаларды сақтаған кезде жүзеге асырылады.
      6. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында спорттық-бұқаралық, ойын-сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезеңінде ішкі істер органдарына іс-шараларды өткізу аумағына шыны ыдыстағы сусындарды өткізуге шек қою ұсынылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады