2015 жылға арналған тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 129/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 4524 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңының 6-1-бабы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйырығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 5, 6-тармақтарына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын 2015 жылдың өніміне сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
      2015 жылғы "18" мамырдағы

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" сәурдегі
№ 129/4 қаулысына
қосымша

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
2015 жылдың өніміне сатып алудың (пайдаланудың) ең томенгі нормалары аймақтар
бойынша дақылдар бөлінісінде:

      а) қоңыржай-қуаң аймақта: Железин, Ертіс және Качир аудандары

Р/с №
Дақыл
кг/га
1
Бидай
7,923
2
Арпа
11,135
3
Тары
0,22
4
Сұлы
5,206
5
Күздік қара бидай
15,244
6
Қарақұмық
1,622
7
Ерте пісетін жүгері будандары
39,0*
8
Бұршақдәнді
23,058
9
Рапс
0,743
10
Сұрыптық күнбағыс
0,572
11
Күнбағыс(будандық)
13,0*
12
Картоп
302,876
13
Біржылдық шөптер
0,058
14
Көпжылдық астықтұқымдас шөптер
13,0**
15
Көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер
13,0**

      б) қуаң аймақта: Павлодар қаласының ауылдық аймағы, Ақтоғай, Баянауыл, Лебяжі, Павлодар, Успен және Шарбақты аудандары

Р/с №
Дақыл
кг/га
1
Бидай
5,591
2
Арпа
8,446
3
Тары
0,162
4
Сұлы
3,447
5
Күздік қара бидай
12,478
6
Қарақұмық
1,34
7
Ерте пісетін жүгері будандары
31,59*
8
Бұршақдәнді
17,724
9
Рапс
0,651
10
Сұрыптық күнбағыс
0,48
11
Күнбағыс(будандық)
11,7*
12
Картоп
302,779
13
Біржылдық шөптер
0,044
14
Көпжылдық астықтұқымдас шөптер
11,7**
15
Көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер
11,7**

      в) құрғақ аймақта: Ақсу қаласының ауылдық аймағы, Екібастуз қаласының ауылдық аймағы және Май ауданы

Р/с №
Дақыл
кг/га
1
Бидай
4,197
2
Арпа
6,377
3
Тары
0,119
4
Сұлы
2,57
5
Күздік қара бидай
9,911
6
Ерте пісетін жүгері будандары
28,431*
7
Бұршақдәнді
13,538
8
Рапс
0,54
9
Сұрыптық күнбағыс
0,417
10
Күнбағыс(будандық)
10,53*
11
Картоп
301,761
12
Біржылдық шөптер
0,038
13
Көпжылдық астықтұқымдас шөптер
10,53**
14
Көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер
10,53**

      * норманы есептеу кезінде сақтандыру қоры (30%) ескерілді;
      ** ең аз өсіру мезгілі дәнді көпжылдық шөптерде 10 жыл, бұршақты көпжылдық шөптерде 5 жыл екенін ескере отырып, жыл сайын дәнді көпжылдық шөптер үшін 1/10 бөлік (10%) және бұршақты көпжылдық шөптер үшін 1/5 бөлік (20%) сорт жаңарту талап етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады